Елордалықтар классикалық музыканың әлемдік жұлдыздары қатысатын концертті тегін тамашаламақ


 
Астаналықтар Дариға Назарбаева, «Кватро» тобы, Айман Мұсақожаева және әлемдік классикалық музыка жұлдыздары қатысатын «Астана кештері» ІІ халықаралық өнер фестивалін тегін тамашалай алады. Бұл туралы Астананың 15 жылдық мерекесін әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті штабының Медиатобы хабарлады.
 
27-29 маусым күндері Бейбітшілік пен келісім сарайында «Астана кештері» ІІ халықаралық өнер фестивалі өтеді. Фестиваль «Дегдар» МҚ Қамқоршылық Кеңесінің Төрайымы Дариға Назарбаеваның бастамасы және қолдауымен өткізілуде. Жоба аясында Ресей мен Қазақстанның танымал орындаушылары өнер көрсететін үш концерт беріледі. 
 
«Бұл коммерциялық емес, қайырымдылық жоба. Сондықтан, барлық билеттер тегін таратылып, шақыру билеттерін Бейбітшілік және келісім сарайының кассасынан алуға болады. Фестивальді ұйымдастырушылардың мақсаты -  халықтың барлық әлеуметтік топтарына жоғары өнерден сусындату, деп хабарлайды медиатоп.
 
Фестиваль аясында Дариға Назарбаеваның қатысуымен «Кватро» (Ресей) тобы «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүймелдеуімен өнер көрсетеді. Дирижері - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляков.
 
Сонымен қатар, сахнаға жобаның тұрақты қатысушылары «Мәдениет» телеарнасында «Романс романтикасы» - «Петербург романсы» қорының төрайымы Галина Ковзель, Ресейдің еңбек сіңірген әртістері, Мариин театрының әншілері Владимир Самсонов, Евгений Акимов, Ирина Матаева, Елена Буланованың аспаптар ансамблі, классикалық музыканың хас шебері, Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаева (скрипка), ҚР Еңбек сіңірген әртісі Тимур Урманчеев (фортепиано), халықаралық байқаулардың лауреаты Денис Шаповалов (виолончель, Ресей), «Солистер академиясы» Мемлекеттік камералық оркестрі, дирижері - Евгений Бушков (Ресей) шығады.
 
Барлық концерттерді Ресейдің халық әртісі Святослав Бэлза жүргізеді.

Арнайы жоба

Аңдатпа

Афиша

Қазақстан театрларында Ары қарай →

Қазақстан көрмелерінде Ары қарай →

Алдағы уақытта өтетін концерттер Ары қарай →